Меркі жамағаты келілі кездесуге қатысты

Меркі жамағаты келілі кездесуге қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Іс-сапармен келген облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Жапек Ғалымбек алғашқы кездесуін «Жақсымбет» мешітінде жүргізіп, бесін намазының алдында жамағатқа уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.

Шариғат төңірегінде сөз қозғап, діни мәселе жайында, облыс бойынша жалпы діни ахуал жайында мәлімдеме жасады.

Дін маманы: "Қазіргі таңда, заманауи ақпараттық құралдардың сан алуан түрлерін пайдалануға мүмкіндік алған азаматтар, сол құралдар арқылы түрлі діни мәліметтерді пайдаланып жүр. Заманауи құралдарға кез келген азамат өзінің пікірін жүктей алады. Жүктелген ой пікірі шариғат заңына Құран және пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) сүннетіндегідей амалға сай ма, міне, осыны ой елегінен өткізіп, болмаса, діни білімі бар қызметкерлермен пікірлескен жөн болады. Пікірлеспегеннің салдарынан, діни мәселеде адасуға әкеліп соғады. Діни сенімі болмаған адам, өмірдің мәнін сезбейді, өмірге не үшін келгенін, ақыретке амал жасау керек екенін білмейді. Діни сенімі болып, Құран және пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) сүннетіне амал еткен адам ешуақытта адаспайды. Сөйлеген сөзіміз, істеген ісіміз, амалымыз, діни сеніміміз пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) сүннетіне сай болу керек" - деп атап өтті өз сөзінде.

Жапек Ғалымбек жұмыс сапарын одан әрі жалғастырып, күрделі жөндеуден өткен «Жүніс молда» мешітінде болып, заманауи жаңа үлгіде безендірілген мешіт құрылысымен танысты.

Аср намазын орталық «Меркі ата» мешітінде оқып, мешіт жамағатымен жүздесіп, уағыз-насихат жұмысын одан әрі жалғастырды.

Соңғы іс-сапары Ақтоған ауылы «Шахшам ата» мешітінде жалғасып, ақшам намазын жамағатпен бірге оқып, соңында уағыз-насихат жұмыстарын жүргізіп, жамағаттардың сұрақтарына жауап беріп, ауыл ақсақалдарының батасын алып, Тараз қаласына аттанып кетті.

Жамбыл облысы, Меркі ауданы,

Аудандық «Меркі ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: