Исламда жануарларды піштіруге рұқсат етілген бе?

Исламда жануарларды піштіруге рұқсат етілген бе?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамдар сияқты жануарлар әлемі де өсіп-өнуге және тұқымын жалғастыруға құқығы бар. Жан-жануарларды ас-сумен қамтамасыз етуді тоқтатпайтынымыз сияқты олардың жыныстық қажеттілігін де қамтамасыз етіп отыруға тиіспіз. Шариат заңдарына сай қажетті себептер болмайынша, жануарларды піштіруге жол берілмейді. Дегенмен, қажетті заңды себептер болғанда, мысалы үшін, қоғамның игілігі үшін үй жануарларына ұрықтануға қарсы дәрілер қолдануға жол беріледі әрі қаңғыбас ит, мысық және басқа да жануарлардың өсіп-өнуін бақылауда ұстау үшін оларды піштіруге болады, тек экологиялық теңгерімнің бұзылуып кетпеуін ескеру қажет (Фатауа Хиндия, V, 357).

Сондай-ақ, діни көзқарас турасынан, жануарлардың физикалық мүмкіндіктерін арттыру мақсатында, тұқымы мен  етін жақсартуда кейбір жануарларды, дәлірегінде, тайынша мен қойларды піштіріп отыру рұқсат етілген болып саналады (Мергинани, әл-Хидая, IV, 95; Бурханеддин Мазе, әл-Мухитул-Бурхани, V, 244).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: