Қыз-келіншектердің қоғамда алар орны

Қыз-келіншектердің қоғамда алар орны

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қыз-келіншектердің қоғамда алар орны Ұхуд шайқасындағы садақшылардың рөліндей. Садақшылар алғы шепте болмаған әрі шайқас ортасында тұрмаған, бірақ, дегенмен, ең маңызды рөлді солар атқарған. Олар әскерді қорғаған. Егер олар ұрыс алаңын тастап, қашып кеткенде, онда күллі әскер қорғанышсыз қалып, жеңіліске ұшыраушы еді. Сол сияқты, егер қыз-келіншектер өз орындарын тастап кетсе, онда күллі үмбет – қауіпте қалар еді.

Қыз-келіншектер – сіздер:

-        үнсіз батырларсыздар;

-        келешек ұрпақтың негізісіздер;

-        өз жанұяларыңызға қамқор болар анасыздар;

-        күллі үмбеттің бірінші ұстазысыздар;

-        мұсылмандарды батылдыққа, адалдыққа, жақсылыққа,  төзімділікке және сабырлыққа бірінші болып үйретесіздер;

-        осы үмбеттің ер адамдарына қамқорсыздар;

-        осы үмбеттің өсіп-өнуі сіздердің қолдарыңызда.

Алла Тағала әйел адамның басты баспанасы  – оның үйі деп айтқан, алайда бұл оның қоғамда еш рөлі жоқ дегенді білдірмейді. Нәзік жандар - автокөлік капотының астына жасырылған мотор тәрізді. Автокөліктің моторсыз еш мағынасы болмайды. Мотордың көрінбей тұруы - оның маңызды емес екендігін білдірмейді, керісінше, оның жасырылып тұруы, оның үлкен құндылығын көрсетеді.

Қыз-келіншектер тереңге жасырылған кернеулі сым сияқты. Егер оны ашса, адамды тоқ соғады. Ол көзден жасырылған, бірақ онымен электр тоғы жүреді.

Әйел адам ұялы телефонның батареясы іспетті. Егер батареясы болмаса, онда ұялы телефонның бір атқарымы да іске қосылмайды. Біз оны көрмейміз, бірақ дәл соның өзі телефонның жұмысын қамтамасыз етеді.

Алла Тағаланың әмірін орындай отырып, қыз-келіншектердің көзден жасырын болуы, олардың құндылықтарының қандай зор екендігін көрсетеді.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: