Күн батқан соң мұсылманға тырнағын алуға тыйым салынған деген рас па?

Күн батқан соң мұсылманға тырнағын алуға тыйым салынған деген рас па?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тырнақты алу тек гигиенаны сақтау ғана емес, сонымен қатар, Алла Елшісінің (ﷺ) сүннеті де.

Айша анамыздан (р.а.) жеткен хадистердің бірінде тырнақ алу адам үшін табиғи құбылыс, барлық пайғамбарлар да бұл ұйғарымды ұстанған болатын.

Исламда тырнақ алу үшін арнайы бөлінген нақты уақыт пен күн жоқ. Тек тырнақты уақытында алып отыру ғана жеткілікті. Оларды алмай, ұзартып әрі тазалығына қарамау дұрыс емес. Тырнақ ұқыпты түрде алынып, таза болып жүргені абзал. Ибн Маджаның хадистер жинағында егер адам тырнағын алуды  қырық күннен асырып жіберсе, онда бұл мәкрүһ болып табылатындығы келтірілген.

Айша анамыз (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Кімде-кім жұма күні тырнағын алса, соны Алла келесі жұмаға және тағы да үш күн бойы бәле-жаладан сақтайды».

Көптеген елдерде қараңғы түскен соң тырнақ алуға болмайды деген бұрыннан келе жатқан ырым қалыптасқан, алайда бұл ырымның исламға еш қатысы жоқ. Бұрынғы заманда электр көзі болмағандықтан, кеш батқан уақытта немесе түнде өзіне зиян келтірмеу үшін тырнақ алмаған, сол себепті қараңғы батқан уақытта тырнақ алуға тыйым салып отырған. Ал бүгінде бәрі өзгерген, тіпті шалғайда жатқан ауыл-аймақтардың өзінде электр көзі бар, ендеше қараңғыны жарық қылатын электр көзін қосып қойып емін-еркін тырнағыңызды ала беруіңізге болады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: