Шәкірттер жақсылықта жарыспақшы

Шәкірттер жақсылықта жарыспақшы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторы, "Һибатулла Тарази" мешітінің шәкірттері мұқтаж отбасыларға көмек қолын созды.

Жақсылықта жарысуды көздеген жастар көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен 2 отбасыға азық-түлік алып, үйлеріне өздері жеткізіп берді. 

Жанұялар жастардың мұндай игілігіне разы болып, алғысын жаудырып, баталарын берді. Ал шәкірт қыздар болса, отбасыларға жақсы көңілкүй сыйлап, шын жүректен тілектерін айтты.

Қасиетті Құранда: «Алланың жолында не жұмсасаңдарда, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырыды» деп баяндалады. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): «жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – дегенін  есте сақтап, амал етіп жүруді әдетке айналдыру әрбір мұсылман үшін екі дүниеде де қайырлы іс болмақ.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА, 

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: