ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бекіткен төрт бағыт жұмыстарының бірі - уағыз-насихат жұмыстары екені баршамызға белгілі. Осы бағытта имамдардың атқарған жұмыстары сан алуан. Жақсылыққа шақырып, жаманшылықтан қайтару, халықтың діни сауатын арттыру сондай-ақ, жастардың діни бағытын дұрыстау маңызды болып табылады.
Шу аудандық "Төле би" мешітінің найб имамы Талғат Кәрібайұлы қасиетті Жұма күні Мойынқұм аудандық Мойынқұм мешітінде іс-сапармен болып қайтты. Мойынқұм мешітінің жамағатымен жүздесіп, «Жала жабу діннен емес» жайында әсерлі уағыз-насихатын жүргізді.
Ұйып тыңдаған жамағат рахметін айтып, алғыстарын жаудырды. Намаз аяқталған соң жігіттер жиналып көкейінде жүрген сұрақтарын қойып тиісті, жауаптарын алды.
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі



06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

