Әрбір мұсылман білуі және күнделікті айтуы тиіс дұғалар

Әрбір мұсылман білуі және күнделікті айтуы тиіс дұғалар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дұға немесе Аллаға сиыну – мұсылман өмірінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Ислам мұсылмандарды қарапайым дүниелер үшін де құлшылық етіп, дұға жасауға үндейді.

Дұға адамның имандылығын көрсетеді әрі иман келтіргендер қарапайым нәрселердің өзінде Аллаға сиынып, Алла Тағалаға мұқтаж болады.

Дұғаны қалай дұрыс жасау керек?

Дұғаның қабыл болуы үшін, мұсылман бірнеше сәттерді есте сақтауы қажет. Бірінші, - Аллаға адал да таза жүрекпен сиыну. Екінші – дұғаны араб тілінде айту, бұл міндетті пункт емес, бірақ Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Жаратушыдан сұраған дұғасы ең кемел дұға болып табылады.

Әр түрлі аспектілер мен жағдайларға қатысты күнделікті айтылатын бірқатар дұғалар бар, оларды әрбір мұсылман білуге әрі күнделікті қайталауға тиіс.

Ашу кезінде айтылатын дұға:

Хадисте былай айтылған:

«Ашулы адам айтса, ашуы тарқайтын сөздерді білемін»

: اَعُوْذُ بِاللهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيْمِ Ағузу билләһи минаш шайтанир ражим

Аудармасы: «Лағнетке ұшыраған шайтанның азғыруынан сыйынамын» (Тирмизи).

Тамақ ішердің алдында және тамақ ішкен соң айтылатын дұғалар:

Тамақ ішердің алдындағы дұға:

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيْمِ Бисмилляһир раһманир раһим.

Аудармасы: «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын».

Тамақ ішкен соң

ы: اَ لْحَمْدُ للهِ الَّذِىْ اَطْعَمَنَا وَسَقَاناَ وَجَعَلَناَ مِنَ الْمُسْلِمِيْنَ «Әл-хамду лилләһи-лләзи атамана уа сақана уа джааләна минал-муслимина».

Аудармасы: «Бізге ішкізген, бізге жегізген, мұсылман етіп жаратқан Аллаға шүкір» (Әбу Дәуд).

Мешітке кірерде және шығарда айтылатын дұғалар:

Мешітке кірерде:

: اللّهُـمَّ افْتَـحْ لي أَبْوابَ رَحْمَتـِك «Аллахумма фтахли абуаба рахматик». Аудармасы: «Я, Алла! Маған мейірім есіктеріңді аша гөр!» (Сахих Мүслім).

Мешіттен шығарда айтылатын дұға:

: اللّهُـمَّ إِنّـي أَسْأَلُكَ مِـنْ فَضْـلِك «Аллахумма инни ас алюкә мин фадликә». Аудармасы: «Я, Алла! Шынында, мен Сенің кеңшілігіңді сұраймын» (Мүслім).

Түшкірген адам айтуы тиіс:

الْحَمْدُ لِلَّهِ Әлһәмдулилләһ

Аудармасы: «Аллаға шүкір».

Біреудің түшкіргенін естіген адам:

يَرْحَمُكَ اللَّهُ ЯрһамукАлла. «Алла саған рақым етсін» (Бұхари).

Үйге кірерде айтылатын дұға: بِسْـمِ اللهِ وَلَجْنـا، وَبِسْـمِ اللهِ خَـرَجْنـا، وَعَلـى رَبِّنـا تَوَكّلْـنا Би-сми Лләһи уаляджна, уа би-сми Лляхи хараджна уа 'аля Рабби-на тәуәккәлнәә!

Аудармасы: «Алланың атымен кірдік, Алланың атымен шықтық, Раббымызға тәуекел еттік».

Үйден шығарда айтылатын дұға:

а: بِسْمِ اللهِ تَوَكَّلْتُ عَلىَ اللهِ وَلاَ حَوْلَ وَلاَ قُوَّةَ اِلاَّ بِاللهِ ط Бисмилләһ тәуәккалту аляллаһ уа лә хәулә уа лә куууата илля билләһ.

Аударма: Алланың атымен, Аллаға тәуекел еттім. Күш-қуат тек Алладан

Мазасыздық пен уайым басқанда айтылатын дұға:

Мұхаммд Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келесі дұғаны айтқан: لآَ اِلَهَ اِلاَّ اللهُ الْحَلِيْمُ الْحَكِيْمُ لآَ اِلَهَ اِلاَّ اللهُ رَبُّ الْعَرْشِ الْعَظِيْم لآَ اِلَهَ اِلاَّ اللهُ رَبُّ السَّمَاوَاتَ وَاْلاَرْضِ وَرَبُّ الْعَرْشِ الْكَرِيْمِ ط

Лә илләһа иллялаһһул халимул хакиму – лә иләһа илляләһу раббул аршил азыйм- лә иләһа иллялаһу илял раббус самауати уаль арди уа раббуль аршиль карим.

Аудармасы: «Ұлы да Кеңпейіл Алла тағаладн өзге Тәңір жоқ.Ұлы Тақтың Раббысы Алла тағаладан басқа Тәңір жоқ.Көк пен жердің және құрметті Тақтың Раббысы Алла тағаладан өзге Тәңір жоқ» (Тирмизи).

Сапар кезінде: سُبْحَنَ الَّذِىْ سَخَّرَلَنَا هَذَا وَ مَا كُنَّا لَهُ مُقْرِنِيْنْ وَ اِنَّا اِلَى رَبِّنَا لَمُنْقَلِبُوْنْ Субхана-лләзи саххара лана хаза уа-ма кунна ләху мукринин, уа-инна илә раббина лә-мункалибун.

Аудармасы: «Бізге мұны бағынышты еткен Алла пәк. Әйтпесе, біз оның маңына жақындай да алмас едік. Сөзсіз біз Жаратушы Иеміз жаққа қайтамыз» (Тирмизи).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: