Ислам және жастар жылы аясында аудандық «Қордай» мешітінің жазғы сауат ашу курсы шәкірттері салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа баулу мақсатында орталық стадионға барып, кіші футболдан жарыс өтті.
Топ-топқа бөлінге Құран ілімінен сусындап жүрген шәкірттер жарыса доп теуіп, ойынның қызығына батып үздіктер анықталды. Жеңімпаздарға сыйлықтар үлестірілді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі