Танымал исламтанушылар форумға қатысты (ФОТО)

Танымал исламтанушылар форумға қатысты (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданында Жамбыл облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Біз экстремизмге қарсымыз» тақырыбында Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы саясаты туралы форум өтті. Оған ауыл мешіттерінің имамдары, құқық қорғау органдары, ауыл әкімдіктеріндегі АТТ мүшелері, аудан тұрғындары қатысты.

Жамбыл облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Бауыржан Жолдасбекұлы модераторлық тізгін ұстаған форумның бірінші бөлімінде аудандық прокурор Жандос Бибосынұлы Бердіқұлов, аудан әкімі Жарылқасын Әбдіғапарұлы Айтақов, белгілі исламтанушы, «Нұр-Мүбәрак» ислам университетінің оқытушысы Бауыржан Әлиұлы, Алматы қаласы орталық мешітінің наиб имамы Ермек Көкірекбаев сөз алып, форум тақырыбына тоқталып, ойларын ортаға салды.

Жиналғандар тақырып бойынша дайындалған бейне роликті тамашалаған соң, форумның екінші бөлімі ашылды. Екінші бөлімінде сахнадағы орындықтарға исламтанудың сарапшылары Ғазиз Ахметов, Бауыржан Әлиұлы, Ермек Жамбылұлы, Ержан Аманбаевтар жайғасып, жиналғандарға қажетті мағлұмат берді.

Айта кетерлігі, форумды ұйымдастырушылар орынды, ойлы сұрақ қойғандарға арнайы сыйлық дайындап, жиын қалыбын қызықты өткізуге талпынған екен. Ал қатысушылар өздерін мазалаған сауалдарын қойып, жауаптарын алды.

kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: