Айт сөзi араб тілінен аударғанда «мейрам», «қуаныш» мағыналарын және оразаның аяқталғанын білдіретін мереке. Жақсы киімдерін киіп, көтеріңкі көңіл-күймен «Бегалы ата» мешітіне жиналған көпшілікке мешіт имамы Ембергенов Амангелді Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) айт мерекесін қалай өткізгендігі туралы уағыз жүргізді.
Айт намазы оқылғаннан кейін, ізгі ниетпен келген жамағат бір-бірін мерекемен құттықтап, амандықтарын сұрасты. Мешіт қызметкерлері ұйымдасуымен жайылған айттық дастарханға қала тұрғындары мен жамағат шақырылды.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетіне амал етіп келген жамағат алғыстарын білдіріп тарқасты.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі