Үстіміздегі жылдың 5-маусымында Жаңатас қаласындағы Сарысу аудандық мешітінде таңғы сағат 6-дан бастап уағыз айтылып 6:40 та айт намазы басталды. Соңынан құран оқылып, әруақтарға бағышталып, ел тыныштығын сұрап дұға етілді.
Намаздан шыққан жамағатқа айттық дастархан жайылып, шай берілді. Соңынан бес команда арасында спорттық ойындардан жарыстар өткізілді. Атап айтар болсақ, қол күресінен, гір тасын көтеруден, арқан тартудан, жерден серпуден (оджимание) және қаппен жүгіруден эстафета ұйымдастырылып, командалар жарысқа түсті. Өте қызықты өткен сайыста Бекзат және Ерболат командалары төртінші орынға ие болып, ынталандыру жүлдесіне ие болса, Дәуреннің командасы үшінші орын, «Мешіт жастары» командасы екінші орынға ие болды. Ал бірінші орынға «Грек-Рим жаттықтырушылары» командасы жеңіп алды.
Барлық командаларға ақшалай жүлделер табысталды.
Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі.