Аудандық «Қордай» мешітінде Ораза айт мерекесіне орай қайырымдылық акциясы өтті. Шараның басты мақсаты аз қамтылған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету.
Алла елшісі хадисінде «Жер бетіндегілерге мейірімділік көрсетсеңдер, көктегілер де сендерге мейірімділік көрсетеді» деген, міне хадис қайырымдылық шарасының ұраны болып бар ынта-жігермен атқарылды.
Мешіт қызметкерлері мұндай шараларды Рамазаннан тыс уақыттары да жалғастыратын болады.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі