Қала мешіттеріндегі Қадір кеші

Қала мешіттеріндегі Қадір кеші

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық мешіттері Қадір түнін Құптан мен Тарауих намаздарын оқумен бастады. Алланың хаты Құран кәрім хатым етіліп, батасы берілді.

Мешіт имамдары Қадір түнінің қасиеті мен дұға ету туралы уағыздар жүргізді.

Сондай-ақ, бас имамдар бір ай бойы хатым оқыған қариларға рахмет айтып, алғыс хаттармен марапаттап, шапан жапты.

Мешіттер жанында көпшілікке арнайы жәрмеңкелер ұйымдастырылды.

Көпшілікке «Фиқһ», «Сира», «Ақида» пәндері мен ұлттық құндылықтар туралы викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар үлестірілді.

Жамағат қасиетті Қадір түні дұғаларын оқып, жасалған ғибадаттар мың айға, яғни сексен үш жылға тең болатын түнді құлшылықпен өткізуге тырысты. Жиын соңында сәресі дастарханы жайылып, жамағат мешіттен ауыз бекітіп, таң намазын оқып, тарқасты.

Құран түскен Қадір түніндегі құлшылықтарымыз қабыл болсын!

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: