1-ші маусым – балаларды қорғау күніне арналған «Жылы жүрек – жомарт қол» атты қайырымдылық акциясы мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге арналған кешіне арнайы шақырылған ауданның бас имамы Батырбек қажы Жақсымбетұлы бүлдіршіндердің қуанышымен бөлісіп қайтты.
Түзету мекемесінің мерекеге дайындығы мерекелік алаңнан көрініп тұр: әсем шарлар, гүл шоқтары, сазды қоңыр әсем ән асқақтап жан дүниеңді жадыратып, бүлдіршіндердің езулерінде күлкі ойнап, өнерлерін көрсетіп біреуі ән айтса, енді біреуі билеп, мәз-мейрам болып бір сәт болса да өздерін еркін сезінгендерін көріп бірге ән шырқап, ата-аналар бірге билеп жатты.
Іс-шараға құрқол келмеген бас имам 50 000 тенге ақшалай сый тартып, бүлдіршіндерге керекті заттарын алуға көмек көрсетті.
Аудандық «Меркі ата» мешіті