Бүгін түндердің ең қасиеттісі қадір түнін жамағатпен бірге құлшылықта өткізу үшін тұрғындар мешіттерге жиналмақ. Жамбыл облысының рухани жүрегі орталық "Һибатулла Тарази" мешіті жылда жамағатқа лық толып, "Қадір түніне" арналған бағдарламасымен ерекшеленіп отырады.
Ал биыл яғни, бүгін мамырдың 31-нен маусымның 1-не қараған түні мешітте күтілетін қадір түні Jambyl телеарнасынан тікелей эфирден көрсетілмек.
Сағат 22.00-ден бастап Жамбыл облысының әр шаңырағы Jambyl арнасымен бірге болыңыздар!
asyldin.kz