Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Мақсат Атабаев ел мешіттерінен тыс пітір садақа беруге болатын жаңа мүмкіндік туғанын мәлімдеді, деп жазады Ansar.ru.
«Кез келген ниет білдірген жан мешітке келіп арнайы жәшікке пітір садақасын қалдыра алады. Биыл мүфтият «РСК Банкпен» бірлесіп электронды әмиян арқылы қаржылай садақа беру жүйесін әзірледі. Қажет соманы терминал және RSK24 мобильді қосымшасы арқылы салуға болады. Бұл – өте тиімді.
Ал азаматтар қайырымдылық қаржылары немесе азық-түліктерін тікелей мұқтаж адамға табыстаса да болады» дейді мүфтият өкілі. Айта кетсек, қырғыз мүфтияты былтыр 36 миллион 792 мың сом жиып, мұқтаж отбасыларға таратып берді.
kazislam.kz