Шешенстан астанасында жылдағы дәстүрмен орталық алаңда жалпықалалық ауызашар беріледі, деп хабарлайды Islam.ru. Республика халқы мен қонақтары осы мыңдаған адамға арналған ауызашарға шақырылады.
Ораза ұстаған мұсылман қауымына дастарқан жайылып, ондаған аспаз кавказдық және азиялық ас мәзірін әзірлейді. Халықтық ауызашар Ахмат қажы Қадыровтың қоғамдық қоры қаржысы есебінен ұйымдастырылмақ.
Еске сала кетсек, Ресейде тұңғыш ауқымды ауызашар 2016 жылы Грозныйда өткен еді. Сол уақыттан бері аймақта жыл сайын осындай ауызашарлар ұйымдастырылып келеді.
kazislam.kz