Дажжалдың фитнасынан сақтанудың жолдары

Дажжалдың фитнасынан сақтанудың жолдары

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Хазіреті Пайғамбарымыз күнделікті ғибадатында Мәсих Дажжалдың фитнәсінен сақтану үшін Аллаға былай деп дұға еткен: «Аллам! Күмәнсіз мен тозақ отынан Саған сиынамын. Қабір азабынан Саған сиынамын. Мәсих Дажжалдың фитнәсінен Саған сиынамын. Өмір мен өлімнің фитнәсінен Саған сиынамын» (Әбу Дәуіт, Тирмизи, Нәсәй риуаяты).

Сонымен қатар Дажжалдың фитнәсінен сақтану жайында Хазіреті Пайғамбарымыз: «Кімде-кім «Кәһф» сүресінің алдындағы 10 аятын жаттап алса, Дажжалдың фитнәсінен сақтанған болады» (Сахих Муслим, 1 том, 555 хадис) деп бізге баға жетпес нақты нұсқау береді.

Кейбір ғұламалар өздерінің өмір сүрген кезеңінде көз көріп, куә болған залым елбасылар мен қолбасшыларды (Напалеон, Гитлер, Мұсаллини, Шыңғыс хан т.б.) Дажжалға теңеген. Бірақ олардың ешбірі де хадисте айтылған сипаттағы Дажжалға ұқсамайды және шынында да Дажжал болса, оның артынан Хазіреті Иса пайғамбар көктен түсуі керек еді.

Сондықтан Дажжалдың қашан келетіндігі, кім болатындығы жалғыз Аллаға аян. Біз ең дұрысы хадисте айтылған күйіне сенейік, қалғанын Алла Тағала біледі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: