Қиямет күні адамның дене мүшелері куәлік ете ме?

Қиямет күні адамның дене мүшелері куәлік ете ме?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Бірде біз Алла елшісімен (с.ғ.с.) бірге отырғанымызда ол күлді. Сосын бізге: «Не үшін күлгенімді білесіңдер ме?» – деді.

Біз: «Алла және Оның Елшісі біледі», – дедік. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Пенденің Раббысымен сөйлескеніне. Ол: «Уа, Раббым! Мені әділетсіздіктен қорғауға уәде бермеп пе едің?» – дейді. (Алла): «Әрине», – дейді.

Ол: «Онда мен ешбір куәнің маған қарсы куәлік беруіне рұқсат етпеймін», – дейді. (Алла): «Бүгін саған қарсы куә ретінде өзің және амалдарыңды жазушы құрметті періштерлер жеткілікті», – дейді. Сосын оның аузына мөр басылады да, дене мүшелеріне: «Сөйлеңдер!» , – делінеді.

Сөйтіп дене мүшелері оның барлық амалдарын айтып береді. Содан кейін оның сөйлеуіне мүмкіндік беріледі. Сонда ол: «Құрыңдаршы әрі! Аулақ кетіңдер! Мен сендер үшін тайталастым ғой», – дейді», – деді», – деген (Сахих Муслим).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: