«Шайтан» сөзінің мағынасына сай, аталмыш сөзбен дін ұйғарымына бой ұсынбайтындарды және шектен шыққандарды айтуға болады. Мысалы үшін, Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан:
«Осылайша, әр пайғамбарға адамдардың және жынның шайтандарынан дұшпан қылдық. Олар алдап бір-біріне жалтыраған сөздерді сыбырлайды. Раббың қаласа еді, олар оны жасамас еді. Оларды жасанды сөздерімен қойып қой» (6:112).
Бұл аятта «шайтан» сөзі - азғыру арқылы басқа адамдарды тура жолдан тайдыратын жындар мен адамдарға қатысты айтылған.
Омарды (р.а.) асау атқа мінуге көмектескен кезде, оның былай айтқандығы келтірілген: «Сендер мені «шайтанға отырғызып қойдыңдар», яғни шайтан деп ол асау атты айтқан.
Сондай-ақ, Алла Елшісінің (ﷺ) бірде итті және шәлкес түйені шайтан деп айтқаны келтірілген.
Жоғарыда айтылғандарды ой елегінен өткізе отырып, қыңырлық, бағынбаушылық танытатын адамды, жынды, сондай-ақ, жануарларды шайтан деп айтуда тұрған еш әбестік жоқ екендігін айтамыз.
asyldin.kz