Қасиетті Рамазан айында ораза тұтқан жандарға да, ауызашар берген адамдарға да үлкен сауап жазылатыны пайғамбарымыздан (с.а.с) жеткен хадистерде жазылған.
Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінде мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен зағип және көзі нашар көретін азаматтарға ауызашар берілді.
Дастархан алдында отырған көпшілікке «Рамазанның екінші он күндігі кешірім күндері» тақырыбынды «Кеңесхан қажы» мешітінің наиб имамы Сыбанбай Расылхан уағыз айтты.
Қонақтар ұйымдастырушыларға бата беріп, көңіл бөліп шақырғандары үшін алғыс айтты.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі