Алла Тағала қасиетті Құранда былай дейді: «Сабыр еткендерге Алланың қайтарар сыйы қисапсыз». Ал ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Сабырлықтың жартысы ораза ұстаудан тұрады», – деп айтқан.
Сондай-ақ, ең үлкен пайдасы тозақ отына қалқан болады. Осы мақсатта Тараз қалалық мешіттерінде имамдардың ұйымдастыруымен жамағат ат салысып, күнделікті ауызашарға дастарған жайылуда.
Имамдар тарапынан күнделікті уағыздар айтылып, жамағат арасында бірлік нығайып, ораза ұстаушылар саны артып келеді. Осы қасиетті айда баршамыздың тақуалыққа жетіп, Аллаға жақындай түсуге, рухани өсуге, көркем мінез тәрбиелеп қалыптастыруға нәсіп етсін!
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі