Намаз оқымаудың қаупі жайында

Намаз оқымаудың қаупі жайында

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Намаз оқымау — адамға зор зиян келтіреді. Намазды елемейтін адам көптеген азаптар мен қиыншылықтарға душар болады: оның өмірі қайырсыз әрі пайдасыз болады. Мұндай адам құрметсіз болады әрі әртүрлі қиындықтарға тап болады. 

Үнемі намазын оқып отыратын адам табиғат ана сыйлаған сұлулықтан бөлек қосымша сұлулыққа ие болады. Ал намаз оқымайтын адам қанша өзін сәндесе де, қандай әдемі киімдер кисе де, үнемі жуынып-шайынып жүрсе де мұндай сұлулыққа қол жеткізе алмайды. Қанша садақа берсе де, қанша игі амалдар жасаса да, ол намазын қаза етпей оқып жүретін жандар алатын сауапқа кенеле алмайды.  Алла Тағала намаз оқу үшін нақты уақыттар белгіледі және сол уақыттарды тек намаз оқумен өткізу қажет. Кімде-кім осы уақытты зұлымдық жасауға арнаса, оның әрбір ісі игілік пен берекеттен құр алақан қалады әрі оның дұғасы қабыл болмайды.

Өлер кезінде бұл адамның түрі жиіркенішті болады. Оның өзі әрі жатқан төсегі былғаныш болғандығы сондай, оның жақын туыстары теріс айналатын болады. Олардың ешқайсысы да оған құрметпен қарамайтын болады.

Өлерінің алдында намаз оқымаған адамның көздерінен үрей, абыржу мен қатты уайымды анық көруге болады. Оның көздері жан-жаққа жүгіріп, көзінің түсі өзгеріп отыратын болады. Қандай сәнді, қандай әдемі бөлмеде жатқан әлгі адамның жағдайы аянышты болады. 

Кімде-кім намаз оқымаса оның иманы әлсірейді әрі намазға лайықты түрде қарамағаны үшін оны періштелер, адамдар мен басқа да жаратылғандар сыйламайтын болады.

Намаз оқымайтын адам қанша тамақ ішсе де үнемі ашығып жүретін болады. Тойымды асты қанша жесе де, тойымсыздық сезімі оған азап әкелетін болады. Ал ақыр соңында, қорқынышты азапта жатып жанын беретін болады. Өйткені намаздан бас тарту үлкен күнә болып табылады. 

Ал намаз оқитын адамның жағдайына келер болсақ, өлер алдында оның түрі жайдары, қуанышты әрі нұрлы болып тұрады. Оның көздерінен бақыттың сәулесі сезілетін болады. Оның денесінен жағымды иіс шығып, тыныштықта жатып жан тапсыратын болады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: