Адамдар әртүрлі болып жаралған...

Адамдар әртүрлі болып жаралған...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамның жаралу мақсатын білмей, бұл әлемде болып жатқан барлық дүниелердің себебін түсіну мүмкін емес. Алла Тағала адамдарды құлшылық етуге жаратса, ал басқа дүниелердің бәрін адам үшін жаратқан. 

Бұл дүние рахат алу үшін жаралмаған, ал ақирет мәңгілік сый беру немесе мәңгілік азап орны болып табылады. Егер барлық адамдар бірдей болса, онда сынақтың мәні қалмас еді әрі жақсы адамды жаман адамнан ажырату мүмкін болмас еді. Сондықтан Аллаға құлшылық ету әрі бойсұнушылық жолында адам әртүрлі қиындықтарға ұшырайды және осы арқылы бойсұнған адам бойсұнбаған адамнан ерекшеленеді.   

Бұл әлемдегі дүниелер әртүрлі мақсаттар үшін жаралған.  

Адам бұл дүниеге ойын-сауық пен рахат алу үшін емес, сынақ үшін жаралған. Мысалы, емтиханды үздік тапсыру үшін студент нақты бір қиындықтардан өтуі керек. Ол ойын-сауықтан бас тартып, сабақтарын қайталап, аз ұйықтайтын болады.    

Егер адамдар әртүрлі көзқарастар турасынан бірдей болып жаратылар болса, онда бұл үлкен қиыншылыққа әкеліп соғар еді. Егер адамдардың бәрінде бірдей бет-әлпет, бой, тері түсі, материалды молшылық, денсаулық пен сұлулық болса, онда олар бір-бірінің көшірмесі болар еді. Бұл жағдайда бір адамды өзгелерден ажырату қиындыққа  түсер еді. Әйелі күйеуін, күйеуі әйелін тани алмас еді; адам өз әйелін қыздарынан ажырата алмай, өмір тоқтап қалғандай болар. Сыртқы бет-әлпеттің ұқсастығының өзінен ғана  мыңдаған қиындықтар туындаушы еді де басқа саладағы ұқсастықтар пайда болмай жатып-ақ, өмір мәнін жоғалтар еді. Жақсылықтың құнын зұлымдықпен қауышу арқылы ғана білуге болады. Егер бәрі жақсы болса, онда жақсылық құндылығы мен мәнін жоғалтушы еді. Көріксіздік болғанда ғана біз сұлулықты түсіне аламыз. 

Барлық жағынан ұқсас болу — өте үлкен зиян әкеледі. Сондықтан да Алла Тағала бұл әлемдегі дүниелерді аса данышпандық пен әділеттілікпен жаратқан. Мысалы, егер бас бармақ басқа саусақтар сияқты болса немесе ол басқа саусақтардың ортасында орналасса, онда адам өз қолын сондай нәтижелі түрде қолдана алмас еді де бұл кемшілік болып табылар еді. Жер бетінде өмір сүріп жатқан миллиардтаған адамдардың бір-біріне ұқсамауы әрі әрбір адамның өзіндік даралығының болуы — біздің Жаратушымыздың шексіз құдіретінің жарқын дәлелі.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: