«Менің үмбетім! Менің үмбетім!»...

«Менің үмбетім! Менің үмбетім!»...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір күні Мұса (ғ.с.) Мадьян қақпасының маңындағы бір талдың көлеңкесінде тұрған екен. Бірнеше адам қойларын суармақ болып, құдықтан су алып жатады. Сол жерге  қолдарында мыс ожаулары бар  Шуайб пайғамбардың (ғ.с.) қыздары да келеді. Алайда оларға кезек тимей қояды да олар қойларға су ала алмайды. Мұса (ғ.с.) оларды аяп, бірнеше шелек су алып, бейшара қыздардың санаулы ғана қойларына су береді.

Сол сияқты, Қиямет күні болғанда, тақуа жандар бөлек топ болып Жұмаққа аттанады.  Ал иман келтірмегендер көргендеріне таңырқап, мелшиіп қала береді. Сол кезде адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (ﷺ) оларды аяп, Алланың қалауымен, оларға шапағатшы болады. Низам-ул-Мүлктің Мұхаммед деген көмекшісі болған. Көмекшісіне разы болғанда атымен шақырып, ал ыза болғанда: «Әй, құл» деп шақырған екен. Бір күні ол бөлмесінен шығып: «Әй, құл», - деп айғай салады. Адамды атымен шақырмайтындай менің қандай кінәм бар екен деп ойланып қалады көмекшісі. Сәті түскен кезде, менің қандай кінәм бар деп сұрайды ол. Сонда Низам-ул-Мүлк:

- Әй, Мұхаммед! Ренжіме де, жүрегіңе жақын алма», - деген екен. Сенің еш кінәң жоқ. Сол кезде маған дәрет алу қажет болды, дәретсіз күйімде Мұхаммедтің атын атау дұрыс болмас деп санадым. Жаратылғандардың бірі дәретсіз кезде Алла Елшісінің (ﷺ) атын атағысы келмесе, онда Әлемдердің Раббысы да оның (ﷺ) үмбетін Өзі жексұрын атаған мүшріктермен бірге жинағысы келмейді. Тақуалардың анасы Хадишада (р.а.) көптеген құлдар мен күңдер болған. Соларға іші толған інжуі бар ыдыс ұстатып: “Алла Елшісі (ﷺ) келгенде, оның қасиетті басына шашыңдар”, - деп бұйырады. Бәрі бұйырылғандай жасайды. Алла Елшісінің (ﷺ) құрметіне бола олардың бәріне азаттық берілген екен. Аса  мейірімді және шексіз рақым иесі Алла Тағала да Қиямет күні бас имеген біздерді Өзінің Сүйіктісінің құрметіне бола Тозақ отынан босататын болады.

Қиямет күні біздің Пайғамбарымыз (ﷺ) қайта тірілгендер жиналған жерге келіп, өз балаларын іздеп жүрген мейірбан ана сияқты: «Менің үмбетім! Менің үмбетім!», - деп шақыратындығы келтірілген. Сонда Алла Тағала тарапынан:

- Уа, Мұхаммед, өз үмбетіңді есеп беруге жібер! – деген бұйрық келеді. Алла Елшісі (ﷺ) алдымен тақуа халифтерді, мұхажирлерді, ансарларды, шахидтерді, шыншылдарды, тақуаларды, құлшылық етушілерді, әулиелерді жіберетін болады. Ұлы да Құдіретті Алла былай тіл қатады:

- Сен бас игендерді келтірдің, ал бас имегендер қайда? Сен адалдарды келтірдің, ал шығынға ұшырағандар қайда? Сен намаз оқығандарды әкелдің, ал намаз оқымағандар қайда? Сен ғалымдарды әкелдің, ал қанаушылар қайда? Сен ораза ұстағандарды әкелдің, ал тыйым салған аспен қоректенгендер қайда? Сен дін үшін күрескендерді әкелдің, ал мұсылмандарды өлтіргендер қайда? Сонда біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ):

- Уа, Рабби! Сенің мейірімің туралы менің пікірім мұндай болмап еді, - деп жылап жібереді.

«Пайғамбарлар тарихы» кітабынан

Аударған: Ақерке Сыдықова

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: