Кісіге артынан дұға ету өте құнды

Кісіге артынан дұға ету өте құнды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір мүминнің басқа дін бауырына, оған білдірмей, яғни артынан жасаған тілек-дұғасын Алла та’ала қабыл етеді. Бұған ғиябта (өзіне білдірмей, оның хабарынсыз) дұға ету делінеді. Бетпе-бет етілген дұғаға рия (көз бояушылық) араласуы мүмкін, бірақ артынан етілгенде тек Алла разылығы үшін дұға етілген болады. Алла разылығы үшін жасалған тілек-дұғаларды Алла та’ала қабыл етеді. Дін бауырына оның хабарынсыз дұға еткен кезде Алла та’ала бауырымыз үшін сұраған нәрсені алдымен бізге береді. Хадис шәрифтерде былай делінген:

   «Бір мұсылманның дін бауырына, оның хабарынсыз, артынан еткен қайырлы дұғалары қабыл болады. Ол дұға еткенде бір періште “Әмин, бауырың  үшін сұрағаның саған да берілсін” дейді.» (Мүслим, Тирмизи, Ибн Мажа)

     «Бір адамның біреуге, оның хабарынсыз, оған білдірмей еткен тілегі, дұғасы қабыл болады. Жасалған дұғаға бір періште “Әмин, дәл осы нәрселер саған берілсін” дейді.» (Ибн Әби Шәйба)

    «Бір адам біреуге, оның хабарынсыз дұға етсе, періштелер дұға еткен адамға да дәл солай дұға етеді.» (Мүслим)

«Ең жылдам қабыл болатын дұға – адамның дін бауырына, оған білдірмей еткен дұғасы.» (Бұхари)

«Біреуге жасырын (яғни оған білдірмей) жасалған дұға, оның алдында ашықша етілген дұғадан жетпіс есе артық.» (Әбушшәйһ)

«Алламен арасында пердесі болмаған екі дұға бар. Бірі мазлұмның (зұлымдық көрген адамның) дұғасы, ал екіншісі, адамның дін бауырына еткен жасырын дұғасы.» (Табарани)

«Ең жағымды, қабыл болатын дұға – алыстағы біреудің алыстағы бауырына жасаған дұғасы.» (Тирмизи)

«Бір адамның досына, оған білдірмей жасаған дұғасы қайтарылмайды.» (Хараити)

  Бір адамның артынан, яғни оған білдірмей, оның хабарынсыз дұға етудің қабыл болатындығы хадис шәрифпен білдірілген. Бетпе-бет дұға еткенде рия араласуы мүмкін, бірақ артынан етілсе риясыз, тек Алла разылығы үшін жасалған болады және мұндай дұға-тілектер қабыл болады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: