Ораза алдында "Өнер қырандарының" кеші өтті

Ораза алдында "Өнер қырандарының" кеші өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз шаһарында дін мен өнерді бір-біріне ұштастыра білген күллі қазақ даласына әйгілі "Өнер қырандары" театрының концерті өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітіің бас имамы Қанат Жұмағұлдың ұйытқы болуымен жүргізілген іс-шара көпшілікті қуантты.

Қасиетті ораза алдында жұртшылықтың жүрегін жаңа "Берекелі мереке 5" концерттік бағдарламасы рухани мән-маңызы бар, қызықты да әсерлі көріністерімен жаулады. 

Аталған кеште "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амреев сөз сөйлеп, пайдалы дүниелерді өз өнерімен халыққа жеткізіп жүрген жастарға істерінің берекесін берсін деп тілек білдірді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: