Алла Елшісінен (ﷺ) тамақ ішу кезінде үндемей отыру қажеттілігі туралы еш бір хадис келтірілмеген. Пайғамбарымыздың (ﷺ) қолында бар дүниесіне үнемі қанағат еткені жақсы мәлім. Адамзат асылының (ﷺ) тамақ мөлшері бірнеше құрма, кепкен нан мен судан ғана тұрған. Қазіргі кездегі біз сияқты ол (ﷺ) дастархан басында ұзақ-сонар отырмайтын. Алла Елшісінің (ﷺ) кезінде тамақ ішуге аз уақыт жұмсалатын.
Дегенмен, адамдардың арасында тамақ ішіп отырғанда сөйлеуге болмайды деген пікір бар, тек бұл пікір ауызды тамаққа толтырып алып сөйлеуге қатысты айтылған, бірақ бұл тамақ ішу кезінде сөйлеуге болмайды дегенді білдірмейді.
Ал тамақ ішу мәселесіне келер болсақ, Алла Елшісі (ﷺ) келесі жайттардың сақталу қажеттігін айтқан:
- Тамақты оң қолмен әрі өзінің алдынан ғана жеу;
- Тамақ жеудің алдында «Бисмиллә» деп айту;
- Тамақты үрлемеу;
- Артық тамақтанудан аулақ болу.
Ал тамақ ішу барысында жақсы әрі пайдалы дүниелерді айтуда тұрған еш әбестік жоқ, алайда ауызға тамақты толтырып алып сөйлеу әдепсіз қылық болып саналады.
asyldin.kz