Жамбыл облысының рухани жүрегі орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні жұма намазынан соң ашық сұрақ-жауап іс-шарасы өтті.
Шара үшін намаздан соң арнайы қалған жамағаттың қарасы көп болды. Әдеттегіден ерекше ашық сұқбат жүргізіліп, көкейкесті сан сауалдар қойылды. Көпшілік өте белсенді дін мен күнделікті өмірдегі амалдардың дұрыс-бұрысын сұрап, мықты, білімді жауаптар алды. Жамағаттың сауалына медресе ұстаздары, Египет, Пәкістанда білім алған теологтар Нұралы Бақытұлы, Нәркес Бұханов жауап берді.
Айта кетейік, аталған жиынды дәстүрлі түрде апта сайын өткізіліп тұру жоспарлануда.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.