Ел бірлігіне қауіп төндірген теріс ағымдардың шырмауына түсуден сақтандырып, асыл дініміздің ата-бабамыздан қалған даңғыл жолынан адаспауға шақыру – қай кезде де маңыздылығын жоймақ емес. Қайта соңғы кездері бұл мәселенің күн тәртібінен түспей, уағыз-насихат, түсіндірме жұмыстарының қажеттілігі қатты білініп келеді.
Кеше Қордай аудандының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы кезекті кездесуге қатысып, №47 мектеп оқушыларымен жүздесіп қайтты. Соңғы кездері жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен түрлі теріс ағымдардан сақтану жолдары мен олардың басты ерекшеліктері жайлы толыққанды мәліметпен қамтыған имам, әңгімен барысын ата-анаға құрмет, білімге ден қою және Отансүйгіштік тақырыптарында уағызын өрбітіп оқушылар қауымы ерекше ықыласпен қабылдады. Өздерін толғандырып жүрген түрлі сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарға қанықты.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

