Рамазанға дайындық: оразаға дейін жасап үлгеретін 5 амал

Рамазанға дайындық: оразаға дейін жасап үлгеретін 5 амал

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айына 17 күн қалды.

Алла разылығы үшін бір ай бойы ораза ұстауға тиянақты түрде дайындалу аса маңызды. Өкінішке орай, соңғы кезде көбіміз оразаның шынайы мағынасын түсінуден қалып бара жатқан сияқтымыз. Заманауи адамдардың көпшілігінің пайымдауынша, Рамазан айы құдды бір тәтті тағамдар мен ұйқысыз түндер айы іспетті. Мұндай адамдар тақуалық пен құлшылықтың үйінен алыстап, қасиетті айды «көз бен қарынды тойдыру» айына айналдырып, оразаның  нағыз мән-мағынасы мен қасиетін сезінуден қалғандай.

Алайда, оразаның қасиетін жан-тәндерімен түсініп, Шағбан айы келісімен не болмаса Ережеп айынан бастап қасиетті Рамазан айына дайындалатын да адамдар бар.

Бүгін Рамазан айы келгенше тындырып қоюымыз керек істер туралы әңгіме өрбітеміз:

1. Оразаның қаза болған күндерін өтеп, қарыздарымыздан құтылу

Тақуалардың анасы Айша анамыздың (р.а.) былай айтқандығы келтірілген:

كَانَ يَكُونُ عَلَيَّ الصَّوْمُ مِنْ رَمَضَانَ فَمَا أَسْتَطِيعُ أَنْ أَقْضِيَهُ إِلا فِي شَعْبَانَ

“Менің өткен Рамазаннан ұсталмай қалған қаза күндерім болатын еді, мен сол күндерімді Шағбан айында ұстайтынмын” [Бұхари, № 1849; Мүслим, № 1146].

Хафиз Ибн Хаджар бұл хадиске келесідей түсініктеме берген: “Айшаның (р.а.) ыждаһатынан Рамазан айында қаза болған оразаның күндерін келесі Рамазан айы келгенше өтеу қажет екендігін көреміз” [Фатхуль-Бари, жуз 4, 191 б.].

Шағбан айында біздің амалдарымыздың Алла Тағалаға көтерілетінін есімізден шығармайық.

2. Ораза ұстаудың қасиеттеріне байланысты ұйғарымдармен танысу

Рамазан айының алдында ораза ұстауға қатысты барлық шарттармен, қағидалармен – кімдерге ораза парыз етілген, оразаны бұзатын амалдар, адам қай кезде ораза ұстаудан босатылады және т.б. міндетті түрде танысу керек.                 

3. Рамазан айына дейін барлық істерді тәмамдап қоюға тырысу

Бірінші кезекте, егер сіздің денсаулығыңызда бір ақау болатын болса, онда міндетті түрде білікті дәрігерге қаралуды ұсынамыз. Сондай-ақ, Рамазанға дейін қажетті емдеуден өтіп алу қажет, мысалы үшін, тіс дәрігеріне көріну, өйткені кейбір процедуралар оразаны бұзуы мүмкін. Физикалық жүктемені талап ететін істерді және алыс жолға сапарға шығуды ораза келгенше тәмамдап алуға тырысу қажет.

4. Отбасының кішкене мүшелерін ораза ұстауға баулу

Балалары бар отбасында Рамазанға дейін және Рамазан кезінде тиісінше жағдай жасап отырған жөн. Пайғамбарымыз (ﷺ) және оразаның қасиеті туралы айту балаларға дініміз туралы көбірек мағлұмат алуға көмектеседі. Сондай-ақ, бұл ай балаларды Құран оқу мен намаз оқуға үйретудің ең жақсы мүмкіндігі болып табылады.

5. Рамаза айында оқитын кітаптарды әзірлеп қою

Мүміндерге Қасиетті Құранды көбірек оқу ұсынылады. Салама ибн Кухайл былай айтқан: “Шағбан айы — Құранды оқып-үйрену айы”. Ал Амр ибн Кайс Шағбан айы келісімен шағын дүкенін жауып, Қасиетті Құранды оқуға кірісетін болған екен.

Сол себепті қасиетті Рамазан айына дайындалуға асығайық, өйткені Алла Елшісі (ﷺ) мен сахабалар өздерінің үлгісімен оразаға дайындалудың маңыздылығын көрсетіп кеткен.

Егер сіз Құранды оқи алсаңыз, онда тәжуид қағидаларын есіңізге түсіріңіз, ал егер өздігіңізден Құранды оқи алмасаңыз, онда жуырда Құранды оқып-үйренуді жоспарлаңыз. Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (ﷺ) өмірбаянымен танысыңыз. Сондықтан осы кезден бастап Рамазан айының соңына дейін оқылатын кітаптардың тізімін анықтап қойыңыз. Бұл уақытыңызды анағұрлым пайдалы өткізуге септігін тигізетін болады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: