Арызданушыға тұшымды жауап

Арызданушыға тұшымды жауап

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күндердің күнінде бір арыздануды жақсы көретін кісі фиқһ ғалымы Ибн Ақилға келіп былай депті:

— Мен күнде суға көп түсемін. Бірақ, сонда да денемнің тазалығына күмәнданамын. Осындай күмәнмен намаз оқысам бола ма, жоқ па?. Ибн Ақил:

— Сен үшін намаз оқу міндетті емес. Барып дем ала бер, — дейді. Мұндай жауапқа таңданған әлгі кісі:

— Бұл қалай болғаны сонда? — дейді. Сонда Ибн Ақил:

— Расында ардақты Пайғамбар (с.а.у.) былай деген: «Үш адамның бойынан намаз оқу міндеті түседі. Есін білмейтін жындыға, ұйқыда жатқан адамға, кәмелетке толғанша жас балаға». Ал, кімде-кім суға көп түсіп оның бойы тазаланғанын білмесе, онда ол жынды адам секілді бойынан намаз міндеті түседі,-деп жауап берген екен.

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы   

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: