Мұхаммедтің (ﷺ) үмбетіне берілген 11 сый

Мұхаммедтің (ﷺ) үмбетіне берілген 11 сый

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбар жіберу — Алланың құзырында болса, ал оған иман келтіру - жаратылған пенденің міндеті. Алла Тағала адамзат баласына жүз мыңдаған пайғамбарлар жіберіп, Өз заңдылықтарын үйреткен. Алла тарапынан келген пайғамбарлардың ең соңғысы әрі үмбетіне үлгі болған Мұхаммед (ﷺ) тек күллі адамзат баласына ғана емес, сонымен қатар, жын атаулылардың бәріне жіберілген болатын. Біздің сүйікті Пайғамбарымыздың (ﷺ) ең соңғы пайғамбар екендігі және одан кейін ешбір пайғамбар келмейтіндігі Қасиетті Құранда анық баян етілген: «Мұхаммед сендерден ешбір кісінің әкесі емес. Бірақ Алланың елшісі және пайғамбарлардың соңғысы. Алла әр нәрсені толық білуші» (33:40).

Күллі пайғамбарлардың арасында адамзаттың ардақтысы Мұхаммедтің (ﷺ) алар орны ерекше болғаны сияқты, оның үмбетіне де Жаратушы Жалғыз Алланың осы дүниеде және мәңгілік орнымыз ақиретте де дайындап қойған сыйлары, рақымы мен мейірімі бар.

Екі дүние сардар Пайғамбары Мұхаммедтің (ﷺ) үмбетіне Алла Тағаланың берген нығметтері келесідей ...

1. «Бұл үмбеттің мүшелерін діннің жеңілдігімен, ұлылығымен, жоғарылауымен, Алланың берген күші мен жәрдеміне ие болатындығымен  қуант. Кімде-кім осы өмірде пайда көру ниетімен келешек өмір үшін арналған амалдарды жасайтын болса, ақиретте оның бір де үлесі болмайды» (Байхаки).

2. «Таңғы уақыттарда менің үмбетіме берекет берілген» (Табарани).

3. «Шындығында, Алла бұл үмбеттің мүшелеріне әлсіз дұғалары, құлшылықтары және адалдықтары үшін жеңіс сыйлайды» (Бұхари).

4. «Асылында, Алла Тағала осы үмбет үшін әрбір жүз жылда олардың діндерін жаңартып тұратын бір адамды жіберіп тұратын болады!» (Әбу Дәуд).

5. «Менің үмбетімде Құранды сүт ішіп отырғандай оқитын адамдар пайда болады» (Табарани).

6. «Шындығында, Алла Тағала менің үмбетімнің мүшелерін адасудан сақтап, бірігуге бағыттаған» (Ибн Әбу Асым).

7. «Алла Тағала ешқашан үмбетке адасуға жол бермейді. Алланың көмегі жамағатта (үмбетте), кімде-кім үмбеттен ажыраса отқа тасталатын болады» (Тирмизи).

8. «Кімде-кім менің үмбетім үшін қырық хадисті сақтаса, соған Қиямет күні: «Қалаған қақпадан Жұмаққа кір», - деп айтылатын болады (Бұхари).

9. Қиямет күні біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) қайта тірілгендер тұрған жерді шарлап, құдды бір баласын іздеген мейірімді анадай: «Менің үмбетім! Менің үмбетім!», - деп айтатын болады.

10. «Шындығында, Қиямет күні менің үмбетім шақырылғанда олардың маңдайында, қолдарында және аяқтарында дәрет алғаннан қалған нұрлы із болады. Осы белгіге кім ие болғысы келсе, дәрет алсын» (Бұхари).

 11. «Менің үмбетім Алланың рақымына бөленген. Ақиретте жаза болмайды. Есесіне, оның пешенесіне бұл фәни дүниеде жанжал, опасыздық және қантөгіс сынағын басынан өткізу жазылып қойған» (Ахмад).

 asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: