Алла Елшісінің (ﷺ) балалары

Алла Елшісінің (ﷺ) балалары

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Елшісінің (ﷺ) жеті баласы: төрт қызы және үш ұлы болған. Кіші ұлы Ибраһимнен басқасының бәрі бірінші әйелі тақуалардың анасы - Хадиша анамыздан (р.а.) болған. Ал Ибраһим Мәриядан туған. 

Ұлдары:

Алла Елшісінің (ﷺ) бірінші баласы - Қасым. Бұл ұл пайғамбарлыққа дейін дүниеге келген әрі аз уақыт қана өмір сүрген. 

Ал енді Алла Елшісінің (ﷺ) екінші ұлына келер болсақ, оның есіміне қатысты бірнеше риуаяттарда түрлі есімдер келтірілген: мысалы, Абдулла, Тахир және Тайиб.

Ибраһим Мәриядан туған және ол Алла Елшісінің (ﷺ) ең кіші баласы болып табылады. Ибраһим екі жасында қайтыс болған. 

Қыздары:

Зейнеп (р.а.): Алла Елшісінің (ﷺ) ең үлкен қызы. Оны Хадиша анамыздың (р.а.) жиені Абул-Асаға тұрмысқа берген. Зейнеп (р.а.) хижраның 8-ші жылы дүние салған. 

Рүкаййа (р.а.): Алла Елшісі (ﷺ) оны Осман ибн Аффанға (р.а.) тұрмысқа берген. Ол Бәдір шайқасынан кейін үш күннен соң көз жұмған. 

Үммү Гүлсім (р.а.): Алла Елшісі (ﷺ) оны Утбу ибн Әбу Ләхәбқа тұрмысқа берген. Алайда олар неке түні болмай тұрып ажырасып кеткен екен. Рүкаййа қайтыс болған соң, Үммү Гүслім Осман ибн Аффанға (р.а.) тұрмысқа шығады. Ол да әкесінің көзі тірісінде қайтыс болған. 

Фатима (р.а.): Фатима Алла Елшісінің (ﷺ) кіші қызы болып табылады. Оны Әлиге (р.а.) күйеуге берген. Әли мен Фатиманың Хасан және Хүсейін деген екі ұлы болады. Фатима (р.а.) Алла Елшісі (ﷺ) бақилық болған соң алты айдан кейін көз жұмған. 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: