Бүгін Аналар күнінің құрметіне орай «Анаға құрмет!» атты мерекелік дастархан жайылып, асыл аналарымызға құрмет көрсетілді.
Т.Рысқұлов ауданының бас имамы Сұлтаншәріп қажы аналарды құрметтеу туралы жан-жақты айта келе Пайғамбарымыздың мына хадисін әсерлі етіп айтып берді. Абдулла ибн Омар (р.а.) анасын мойнына салып алып Қағбаны тауап етіп жүрген бір кісіні көреді. Ол кісі бұған: «Уа, Омардың ұлы! Не айтасың? Мен осы қызметіммен анамның алдындағы борышымды өтедім бе?» – деп сұрайды. Сонда Абдулла ибн Омар (р.а.): «Жоқ. Сені босанарда оны қысқан толғақтың біреуін де өтемедің. Алайда үлкен ізгілік жасадың. Алла қаласа, аз ісіңе көп сауап жазар», – деп жауап берді.
Ата-анаға олардың тірі кезінде қызмет ету Алла жолындағы жиһадпен пара-пар іс.
Әбілда Мейірханов