Біздің жүрегіміздегі иман оны үнемі нығайтып әрі тәрбиелеп отыруды талап етеді, өйткені тақуа деген жандардың имандары да арасында әлсіреп кететін кездері болып тұрады. Келесі хадистер біздің иманымызға оған қажетті тың серпінді беріп, бізді Жұмаққа апаратын жолға жетелейді:
1.«Ақиқатында, Алла Тағала төрт сөзді таңдап алған. Олар: «Субханалла», «Әлхамдулиллә», «Лә иләһа иллә ллә» и «Аллаһу акбар».
Кімде-кім: «Субханаллах» деп айтса оған жиырма жақсы амал жазылып, жиырма жаман амалы өшірілетін болады.
Сондай-ақ, «Аллаһу акбар», «Лә иләһа иллә ллә» деп айтатындарға да осындай сауаптар жазылатын болады.
Ал енді кімде-кім шын жүрегімен: «Әлхамдулилләһи раббил-‘әлямин» деп айтса, оған отыз жақсы амал жазылып, отыз жаман амалы өшірілетін болады» (Ахмад).
2. «Алла Тағала алдындағы ең сүйікті сөз: "Субханаллахи уа бихамдихи" (Алла Пәк, Ол Ұлы, Оған мадақтар болсын!)» болып табылады (Мүслим).
3. «Бүлік кезіндегі адамдардың ең жақсысы – Алланың оған бұйырғандарын орындап, шөл далаға оңашаланған адам болып табылады» (Хаким).
4. «Ұзақ өмірі мен жақсы амалдары бар адам – адамдардың жақсысы, ал ұзақ өмір әрі жаман амалдары бар адам – адамдардың жаманы» (Тирмизи).
5. «Мұсылманның жақсысы – оның тілі мен қолдарынан өзге адамдар зиян көрмейтіні» (Мүслим).
6. «Кімнің мінезі жақсы болса, сол мүміндердің жақсысы» (Табарани).
7. «Алла алдында адамдардың ең сүйіктілері – олардың пайдасы ең көп тиетіндері» (Даракутни).
8. «Әйелдердің жақсысы – сені қуандыратыны, оған бұйырғанда бойұсынатыны, сен болмағанда өзін және сенің мүлігіңді сақтайтыны» (Ахмад).
9. «Адамдардың жақсысы – құқықтарды сақтауда жақсысы болып табылатындар» (Ибн Маджа).
10. «Әйелдеріңнен жақсылары – сүйе білетіндер, жиі босанатындар, бойұсынатындар әрі ерлеріне сәйкес келетіндер» (Байхаки).
11. «Береке турасынан ең маңызды никах – шығыны ең азы» (Байхаки).
12. «Құрмалардың жақсысы - әл-барни құрмасы, ол шипа береді, дерттен айықтырады. Ол сырқат әкелмейді, аштықты басады әрі жаурағанды жылытады»(Хаким).
13. «Дініміздің жақсы қасиеті – асқан дәлдік» (Хаким).
14. «Дініміздің жақсысы – оның жеңілдігі» (Ахмад).
15. «Намаз кезінде ерлер үшін алдыңғы қатар жақсы, ал соңғы қатар – жаман болып табылады. Ал әйелдер үшін соңғы қатар жақсы да алдыңғы қатар жаман болып табылады» (Мүслим).
16. «Анағұрлым көркем мінезі бар, сондай-ақ, өз отбасына жайлы мүмін мінсіз иманға ие» (Ахмад).
17. «Жақсыларың - айтқан уәделерінде нық тұратындарың» (Ахмад).
18. «Сендердің жақсыларың - өз әйелдеріне жақсы қарайтындарың, мен –әйелдеріме жақсы қарайтындарданмын» (Тирмизи).
19. «Сендердің жақсыларың – басқаларды тамақтандырып, сәлемге жауап беретіндерің» (Әбу Ягля).
20. «Сендердің жақсыларың – кімнен тек жақсылық күтіп, жамандық күтпейтінің, ал жамандарың – кімнен үнемі тек жамандық күтіп, жақсылық күтпейтіндерің» (Тирмизи).
(жалғасы бар).
asyldin.kz