Алла Тағала Құран Кәрімде жастық шақты екі әлсіздіктің арасындағы кезең деп сипаттаған. Екі әлсіздік деп балалық шақ пен адамның кәрілік кезеңін айтуда. Алла Тағала қасиетті кітабында бұл турасында:
اللَّهُ الَّذِي خَلَقَكُم مِّن ضَعْفٍ ثُمَّ جَعَلَ مِنْ بَعْدِ ضَعْفٍ قُوَّةً ثُمَّ جَعَلَ مِنْ بَعْدِ قُوَّةٍ ضَعْفًا وَشَيْبَةً
Алла сендерді әу баста тым әлсіз етіп жаратады. Кейін ол әлсіздіктен соң (буындарыңды бекітіп) күш-қуат береді. Содан кейін күш-қуатыңды кемітіп, қайтадан әлсіз һәм қарт қылады.1
Балалық шақ – әлі жетілмеген кезеңі болса, кәрілік шақ адамның жетілгенмен қуаты кеткен кезеңі. Адамның негізгі өмірі - осы орта кезеңді қамтиды. Сол себепті көбірек сұралатын өмір кезеңі де осы екі әлсіздіктің ортасындағы – жастық кезең.
Пайғамбарымыз ﷺ жастық шақтың ерекше маңыздылығы жайында былай дейді:
لَا تَزُولُ قَدَمَا عَبْدٍ يَوْمَ الْقِيَامَةِ حَتَّى يُسْأَلَ عَنْ أَرْبَعِ خِصَالٍ : عَنْ عُمُرِهِ ، فِيمَ أَفْنَاهُ ؟ وعَنْ شَبَابِهِ ، فِيمَ أَبْلَاهُ ؟ وَعَنْ مَالِهِ ، مِنْ أَيْنَ ؟ وَفِيمَ أَنْفَقَهُ ؟ وَعَنْ عِلْمِهِ ، مَاذَا عَمِلَ فِيهِ ؟"
Басқа бір хадисте:
اغْتَنِمْ خَمْسًا قَبْلَ خَمْسٍ :شَبَابَكَ قَبْلَ هِرَمِكَ،وَفَرَاغَكَ قَبْلَ شُغْلِكَ، وَحَيَاتَكَ قَبْلَ مَوْتِكَ، وَصِحَّتَكَ قَبْلَ سَقَمِكَ، وَغِنَاكَ قَبْلَ فَقْرِكَ
Құран аяттары мен пайғамбар ﷺ хадистерін жете түсінген ұлы бабамыз Шәкәрім Құдайбердіұлы жастық шақ жайында былай деп ой түйген:
Yш-ақ түрлi өмiр бар: бәрi де – мас,
Бiр рәуiштi болады шал менен жас.
Ең керектi дегенiң – ортаншы өмiр,
Түгел қолың жетпейтiн бiр жанталас.
Қапы өткiзбе сол кездiң бiр сағатын,
Өкiнiшi қалмайды, кетсе ағатың.
Күнi-түнi дей көpмe, ғылым iзде,
Қалсын десең артыңда адам атың.
Құрандағы жастар бейнесі:
Пайғамбарлардың атасы болып саналатын Ибраһим пайғамбар жас кезінде сол уақыттағы жастарға тән пайым жасамады, адасқан қауымның жетегінде кетпеді. Бойына біткен табиғи тазалық оған басқаша ой ойлауына итермеледі. Алла Тағала Құран Кәрімде Ибраһимнің әкесіне айтқан сөзін былай деп баяндайды:
إِذْ قَالَ لِأَبِيهِ يَا أَبَتِ لِمَ تَعْبُدُ مَا لَا يَسْمَعُ وَلَا يُبْصِرُ وَلَا يُغْنِي عَنكَ شَيْئًا
Қауымы оның айтқандарын тыңдамай қарсы шықса да дағуатын жалғастыра берді. Ең соңында оны тірідей өртемекші болғанда да өзінің ұстанымында табанды бола білді. Құранда бұл қисса жайында:
قَالُوا مَن فَعَلَ هَٰذَا بِآلِهَتِنَا إِنَّهُ لَمِنَ الظَّالِمِينَ (59) قَالُوا سَمِعْنَا فَتًى يَذْكُرُهُمْ يُقَالُ لَهُ إِبْرَاهِيمُ (60) قَالُوا فَأْتُوا بِهِ عَلَىٰ أَعْيُنِ النَّاسِ لَعَلَّهُمْ يَشْهَدُونَ (61) قَالُوا أَأَنتَ فَعَلْتَ هَٰذَا بِآلِهَتِنَا يَا إِبْرَاهِيمُ (62) قَالَ بَلْ فَعَلَهُ كَبِيرُهُمْ هَٰذَا فَاسْأَلُوهُمْ إِن كَانُوا يَنطِقُونَ (63) فَرَجَعُوا إِلَىٰ أَنفُسِهِمْ فَقَالُوا إِنَّكُمْ أَنتُمُ الظَّالِمُونَ (64) ثُمَّ نُكِسُوا عَلَىٰ رُءُوسِهِمْ لَقَدْ عَلِمْتَ مَا هَٰؤُلَاءِ يَنطِقُونَ (65) قَالَ أَفَتَعْبُدُونَ مِن دُونِ اللَّهِ مَا لَا يَنفَعُكُمْ شَيْئًا وَلَا يَضُرُّكُمْ (66)أُفٍّ لَّكُمْ وَلِمَا تَعْبُدُونَ مِن دُونِ اللَّهِ ۖ أَفَلَا تَعْقِلُونَ (67) قَالُوا حَرِّقُوهُ وَانصُرُوا آلِهَتَكُمْ إِن كُنتُمْ فَاعِلِينَ (68) قُلْنَا يَا نَارُ كُونِي بَرْدًا وَسَلَامًا عَلَىٰ إِبْرَاهِيمَ
Құрандағы жастар жайында қиссалар жалғаса келе Ибраһимның баласы Исмайылға тоқталады. Ол Алланың әміріне бұйұсынып, құрбандыққа басын тіккен бозбала еді. Алла Тағала бұл ұлы сынақ жайында Құран Кәрімде былай дейді:
قَالَ يَا بُنَيَّ إِنِّي أَرَى فِي المَنَامِ أَنِّي أَذْبَحُكَ فَانظُرْ مَاذَا تَرَى قَالَ يَا أَبَتِ افْعَلْ مَا تُؤْمَرُ سَتَجِدُنِي إِن شَاءَ اللَّهُ مِنَ الصَّابِرِينَ.
Құран аятынан көріп отырғанымыздай жас бала болса да, батырлық танытып, Алланың әміріне қарсы келмеді. Сол мезетте еш қобалжымастан өзінің құрбандыққа дайын екенін жеткізіп: «Уа, әкетай! Сен өзіңе бұйылғанды істе» деп, қасқайып, қайсарлық танытты. Ол сөзін жалғастыра келе: «Алла қаласа менің өте сабырлы жандардың бірі екенімді көресің», деп, құрбандыққа дайын екенін жеткізді. Міне, жас Исмайыл осындай өжет иесі еді.
Жастық шақта адамның бойында нәпсінің дамыл бермей ойнақшып тұратын кезі. Санаулы секундтарда бұрқырап таситын сезім толқынын тізгіндеу әр адамның қолынан келетін оңай іс емес. Оның үстіне саған көз тіккен ынтық назарлар көп болса, бұл мүлдем орындалуы қиын іс. Бұл тек тақуаларға, Алланы шын сүйген құлдарына нәсіп болатын амал. Әңгімеміз пайғамбарлардың ішінде ерекше көркемдік иесі Жүсіп пайғамбар жайында. Ол үлкен сынаққа душар болған еді. Қожайынының сұлу әйелінің назарына түсіп, ол оны қайткен күнде де тұзағына түсірмекші болды. Алайда тақуалыққа толы жас жүрек бұған жол бермеді. Ол үшін салтанатты өмірден терең зындан абзал еді. Ол сол әйелдің иелігінде құл бола тұра бұл күнә істі жасаудан бас тартты. Алла Тағала Құран Кәрімде бұл оқиға жайында:
قَالَ رَبِّ السِّجْنُ أَحَبُّ إِلَيَّ مِمَّا يَدْعُونَنِي إِلَيْهِ ۖ وَإِلَّا تَصْرِفْ عَنِّي كَيْدَهُنَّ أَصْبُ إِلَيْهِنَّ وَأَكُن مِّنَ الْجَاهِلِينَ
Алла Тағала Құран Кәрімде «Кәһф» сүресінде үңгір адамдары жайында:
نَحْنُ نَقُصُّ عَلَيْكَ نَبَأَهُم بِالْحَقِّ إِنَّهُمْ فِتْيَةٌ آمَنُوا بِرَبِّهِمْ وَزِدْنَاهُمْ هُدًى.
Пұтқа табынушылар билік құрған мемлекетте иман келтірген бір топ жастар еді. Сол қаладағы имансыздардың зұлымдығынан діндерін сақтау мақсатында Алланың разылығы үшін қашып шығып, үңгірді паналайды. Алла жастарға рақымын төгіп, оларды үңгірде күннің сәулесінен жасырады. Ұлы Жаратушыға сенім білдірген иманды жастар 300 жыл өткеннен соң ғана ұйқыдан оянып, дінсіздер тұрған өз қаласына қайта оралады.
Жоғарыдағы мысалдардан жастардың бейнесі айқын көрінуде. Дінді ұстанудағы табандылық, барлық қиындықтарға төтеп беру, нәпсіні қажет кезде тізгендей білу – нағыз мұсылман жастарына қажетті сипаттар.
Хамзат Қажымұратұлы
Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің маманы