Кейптаундағы мұсылман кварталының керемет үйлері (ФОТО)

Кейптаундағы мұсылман кварталының керемет үйлері (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кейптаундағы Бо-Калл деп аталатын бұл ауданның бұрынғы атауы «Малайлар ауданы» (Malay Quarter) болған көрінеді.

Дұрысын айтқанда, Бо-Калл – үлкен шаһардың сыртындағы кішкене қалашық. Биіктігі 350 метр болатын Сигнал тауларының жартастарында орналасқан Бо-Калл ауданы қала орталығынан әлдеқайда жоғарыда жатыр. Ас үй және Арыстанның басы деп аталатын екі таудың ортасында орналасқан Бо-Калл ауданында малай мәдениетінің үлгілері – тарихи ескерткіштері сақталған.

Сказочные домики мусульманского квартала в Кейптауне

Аудандағыы Нурул Ислам мешіті 1844-жылы салынған көрінеді. Ал, көше бойындағы түрлі түске боялған үйлердің реттілігі мен түзулігі шағын ауданның көрінісін көркем ете түседі. 

Сказочные домики мусульманского квартала в Кейптауне

Көп ұлтты және көп мәдениетті болып саналатын Бо-Калл ауданы Кейптаундағы тарихи өлкелердің біріне жатады. Мысалға, Бо-Каллдағы музей ғимараты 1760-жылы салынған. Бұл тарихи жәдігер аудандағы ең көне ескерткіштердің бірі.

Сказочные домики мусульманского квартала в Кейптауне

Музейде Бо-Калл ауданында қоныс тепкен байырғы және сырттан келген мұсылмандардың өмірі мен олардың атқарған істері жайлы ақпараттар молынан кездеседі. Музей ішіндегі жиһаздар мен жабдықтардың түгелі дерлік ХІХ ғасыр бұйымдары екені айқын аңғарылады.

Сказочные домики мусульманского квартала в Кейптауне

Бұл ауданда тұратындардың 90 пайызы мұсылман дінін ұстанады. Тарихи деректер бойынша, бұл аумаққа Ислам діні 1700-жылдары келген көрінеді. Ислам дінін таратқан жандардың көбісі шариғат ілімдерін терең меңгерген ғұлама болуымен қатар, қолынан өнер тамған шебер болған деседі.

Сказочные домики мусульманского квартала в Кейптауне

Бір кездері бұл ауданда тек қана мұсылмандар ғана тұратыны жарияланып, өзге дін өкілдері бұл жерді тастап шығуға мәжбүо болған екен. Малайлар ауданы мен ондағы діни көшбасшылар Кап колониясы мәдениеті мен тілін дамытуда ерекше рөл атқарған.

Бо-Калл ауданында мешіттердің жалпы саны 10-ға жетеді. Бір қызығы, құлшылық ордаларының барлығы дерлік 1794-1958-жылдар аралығында салынған. Ал, тұрғындар саны 6 000 адамнан аспайды.

 

asyldin.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: