БҰҰ Египеттегі өлім жазасының көбеюіне алаңдады

БҰҰ Египеттегі өлім жазасының көбеюіне алаңдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

БҰҰ Египетте өлім жазасы көрсеткішінің көбеюіне алаңдаушылық білдірді. Ұйымның Адам құқықтары жөніндегі Жоғары комиссары басқармасының мәлімдеуінше, ақпан айынан бері Мысыр соты 15 адамды өлім жазасына кескен.

Заңгерлердің ақпараттарына сәйкес, мойындау көрсеткіштерін алу кезінде айыпталушыларға қысым жасау, күш көрсету жағдайлары орын алады екен. Бұл өз кезегінде сот процесін жүргізуде құқықбұзуға жатады.

«Біз Египет билігінен мемлекеттің адам құқықтары саласындағы міндеттеріне сәйкес, барлық өлім жазасын тоқтатуға шақырамыз. Сонымен қатар айыпталушыны тергеуде қысым жасау фактілеріне жол бермеуді, сондай-ақ құқықбұзу әрекеттерін енді болдырмау шараларын қабылдауды сұраймыз» делінген БҰҰ құжатында.

kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: