Бала ананың күтімінде болса баланы күнде әкесі көре алатын бір жерге апарады. Ананың қамқорлық құқығы тоқтатылу яки қамқорлық құқығының бітуі секілді бір себеппен бала әкесінің жанында болса, анасының да оны күнде көруге ақысы бар.
Мәликилердің көзқарасына қарай зиярат тұрғысында ханафилар сияқты. Шафиғилар балиғат жасынан кейін қыз бала әкесін таңдаса әкесі оны анасына барып тұруға тыйым сала алады. Бұл шара қыз баланың көшеге көп шығуына кедергі жасау және оны қорғау мақсатымен болмақ.
Ана жасы мен тәжірибесі бойынша қызын емінеркін зиярат ете алады. Егер бала балиғат жасына толмаса анасына күнде апару мүмкіндігі жасалады. Туыстық қарым‑қатынас үзілмеу қажет.
asyldin.kz