Себепсіз сізді ренжітіп немесе қорлаған адамды Аллаға тапсырыңыз

Себепсіз сізді ренжітіп немесе қорлаған адамды Аллаға тапсырыңыз

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қарғау, қарғыс айту – өте үлкен күнәлардан болып табылады.

Алла Тағаланың жаратқанына қарғыс айту – өте ауыр күнә. Сізді себепсіз ренжіткен адам болса, оны Алланың төрелігіне қалдырыңыз. Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ)  бұл жөнінде былай айтқан: «Егер кімде-кім өзін ренжіткен немесе қорлаған адамға дұға жасайтын болса, онда Қиямет күні ренжітілген емес, ренжіткен адамның үстемі артық болады».

Егер әлдебіреу себепсіз түрде біреуді қарғайтын болса, оның қарғысы көкке көтеріледі, көк оны қабыл етпейді де әлгі қарғыс жерге түсіріледі, бірақ қара жер де оны қабыл етпейді, қарғыс дүние жүзін шарлап жүріп, ақыр соңында оны айтқан адамға қайтып оралады. Сол себепті қарғыс айтуда аса сақ болған жөн. Әдетте сап-сау жүрген адам сырқаттанып қалса, мені дуалап тастады деп жатады, алайда әлгі адамның өзі себепсіз түрде өзге бір адамды немесе жаны бар затқа тіл тигізіп алғаны есіне кіріп те шықпайды. Сондай-ақ, адам кімді ренжітіп алғанын есіне түсіруге тырысуы керек, одан кешірім сұрағанда ғана ол сырқатынан жазыла бастайды. Әйтпегенде, Қиямет күні біздің жақсы амалдарымыздың бәрі бізге тіл тигізіп, бізді ренжіткен адамға жазылып кете баратын болады.

Қатты ашу үстінде тұрып айтқан адамның жаман сөздері мен қарғысы діттеген жеріне жете ме?

– Алланың мейірімінің арқасында мұндай қарғыстар ешқашан діттеген жеріне жете қоймайды. «Исра» сүресіне сай, егер адам ашу үстінде аңдаусыз қарғыс айтып қалса, оны Алла Тағала қабыл етпейді, алайда ашуды ауыздықтап отыруға үйрену қажет. Мысал ретінде мына бір ғибраты мол жайтты айта кетейік. Пайғамбарымыздың (ﷺ) көзінше ағасын өлтіреді. Оны өлтіруге бұйырған әйел жансыз денені қорлауға кіріседі, алайда Алла Елшісі (ﷺ) ләм деп тіл қатпайды. Кейін келе әлгі әйел ислам дінін қабылдап, Пайғамбарымыздың (ﷺ) жақын сахабаларының біріне айналады. Әрине, кешіру үшін де күш-жігер қажет. Бұл үшін берілетін сый да үлкен. Қиямет күні Алла Тағала мұндай адамдардың күнәларын кешіреді.

Ел ішінде осы жер немесе осы ауыл қарғыс атылған деген сөз бар. Бұл сөздің негізі бар ма?

– Хадистердің бірінде мынадай бір ескерту бар: егер ауылда мешіт болып, бірақ азан шақырылмай, намаз оқылмайтын болса, онда бұл ауылдың тұрғындары Жаратушының қарғысына ұшыраудан қорықсын. Басқа сөзбен айтар болсақ,  бір-бірін жақсылық жасауға шақырмайтын, күнә істерден тыймайтын жандар бақытсыздықты күтуде болады. Ел ішінде жай түскен жерге үй салмайды деген сөз бар. Бұл жөнінде хадисте былай айтылады, бұл жер Алланың қаһарына ұшыраған орын. Бәлкім бұл жерде күнәлар жасалып, зина орын алған шығар. Соңғы кездері кейбір жерлерде жолдар ескі қабірлердің үстінен салынып жатады. Бұған жол берілмеуі тиіс әрі бұлай жасау – ауыр салдарға әкеліп соғатын болады.

Қарғыстан құтылу үшін не жасау қажет?

– Алла Тағаладан кешірім сұрау. Тек өз атыңыздан ғана емес, сондай-ақ, ата-анаңыздың және ата-бабаларыңыздың да атынан кешірім сұраңыз. Ал егер жақындарыңыздың немесе алыс туыстарыңыздың біреуі сіз танитын бір адамға тіл тигізіп, ренжітер болса, күш-жігеріңізді жиып, әлгі адамнан кешірім сұраңыз.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (4)

Оқи отырыңыз: