Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлы Әлжан ана ауылдық «Құдайберген» мешітінің жамағатымен кездесу өткізіп, дәстүрлі дініміздің құндылықтарын насихаттады.
Бала тәрбиесіне тоқталған бас имам, өскелең ұрпақтың діни сауатты, осы заманға сай, денсаулығы мен жансаулығы мықты болсын десек, Алла елшісі (с.ғ.с) салып кеткен сара жолмен, бабалар аманаты болған ұлттық тәрбие құндылықтарынан алшақтамай, берік ұстану арқылы ғана саналы ұрпақ тәрбиелей алатынымызды айта кетті.
Жастардың санасын улап, жат ойлар салып жүрген теріс ағымдар мәселесінде бас имам шолып өтті. Мешіт жамағаты бас имамға көкейкесті сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Aудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі