Шу қаласы теміржолшылар қаласы екені елімізге мәлім. Шу қаласындағы «Айтқұл баба» мешітінің имамы Қамаубаев Шаттық теміржол күзет қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуде «Айтқұл баба» мешітінің имамы жат ағымдардың белгілерін сипаттап, адасып жүрген жастар халқымыздың салт-дәстүрлерін мойындамау, сонымен қатар дәстүрлі ислам дінін ұстанатындардан өзгешеленіп жүруге тырысып бағатынын жеткізді.
Жастар еліміздің болашағы сондықтан үйдегі бала тәрбиесіне аса мән беріп, дәстүрлі ислам дінін ұстануға шақырды.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі