ҚМДБ-ның әйелдер-қыздар секторы, Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде шәкірттер ІV сатылы курстың І сатысын аяқтап, қасиетті Құран Кәрімге түсуіне орай рухани кеш өткізілді.
Іс-шара «Филь» сүресінің тәпсірімен басталды. Шәкірттер алғыс білдіріп, ұстаздарды дастарханға шақырды.
Құранға түсулерімен бір-бірін құттықтап, өзара сыйлықтармен алмасты. Апаларымыз бата беріп, ұйымдастырушы мешіт ұстаздары мен Алматы облысы «Үш қоңыр» медресесінің білімгерлері ақ тілектерін жолдады.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі



06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

