Абайша айтқанда "кәрі құдаң–қыс келіп, әлекке салды" демекші, қыстың күні әлеуметтік аз қамтылған отбасылар отын, азық-түлік тапшылығынан әлекке түсетіні баршамызға мәлім.
Бұл жағдаяттарды ескере отырып, Қордай ауданында қыс мезгілінде қайырымдылық жұмыстарды бәсеңдетпеу қолға алынған. Осы мақсатта Отар ауылының «Атамқұл» мешітінің еріктілер тобы бас қосып, 5 отбасыға азық-түлік жиынтықтарын және 14 үйге 10 мүшектен көмір таратты.
Игі бастаманың бас қасында жүрген «Атамқұл» мешітінің имамы Н.Шакировқа көмек алушылар алғыстарын, ақ тілектерін білдіріп жатты.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



07 Қараша 2025
16 Джумада-авваль 1447

