Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қайсыбірің болмасын, тамақ жеуден бұрын «Бисмилләһ» деп айтсын. Ал егер «Бисмилләһ»- ты айтуды ұмытып кетсе: «Бисмилләһи фи әууәллиһи уә әхириһи» (Алдында да, соңында да Алланың атымен бастаймын) десін», – деген.
Тамақтан соң оқылатын дұға:
«Әлхамду лилләһи-ләзи ат-ъамәни һәзә, уә разәқаниһи, мин ғайри хаулим-минни уә лә қууәһ».
«Менен ешқандай күш-қуат талап етпей, мені тамақтандырып, ризықтандырған Аллаға шүкіршілік етемін».