Мұсылмандар үйсіздерге сөмке таратты

Мұсылмандар үйсіздерге сөмке таратты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Англияның Престон қаласындағы үйсіз жандарға қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Престон мешітінің жамағаты мен кәсіпкерлер бірігіп қаржы жинап, үйсіздерге ең бірінші қажетті заттарды алды.

Осылайша 100-ден аса сөмке мұқтаждарға таратылған. Әр сөмкеде жылы киімдер, азық-түліктер мен гигиеналық заттар салынған, деп жазады Lancashire Evening Post.

«Көптеген адамдар көшеде ұйықтайды, ал ауа-райы салқындап барады. Бұл адамдардың жағдайы қиындай түсті. Сөмкелер тарату – біздің алғашқы кампания, осы шара туралы әлеуметтік желілерде мәліметтер жарияладық. Бастамамыз қоғамның қолдауына ие болды. Тіптен Йоркшир мен Лондоннан де қайырымдылыққа үлес қосқандар бар» дейді акцияны ұйымдастырушы Шеназ.

kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: