Афинаның алғашқы мешітіне имам қажет

Афинаның алғашқы мешітіне имам қажет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Грекия астанасы Афина қаласында 2019 жылдың наурыз айында ашылатын жаңа мешітке имам керек.

Республиканың Білім министрлігі жаңа мешіт істері бойынша комитет құрды. Ведомство жергілікті мұсылмандардан болашақ Афина мешітіне имамдық қызметке өтініштер қабылдайды.

Өтініштерді қабылдау 2018 жылдың 20 желтоқсанынан  2019 жылдың қаңтар айына дейін Білім министрлігі ғимаратында жүргізіледі, деп жазады Greek Reporter.

Бір мың шаршы метр аумақтағы мешіт жобасы ұзақ жылдар Грекиядағы әсіреұлтшыл топтар мен православтықтардың өшпенділігін тудырды. Ақырында Афинада мұсылмандардың алғашқы мешіті салынатын болды. Мешітте бір мезетте 350 адам намаз оқи алады.

KAZISLAM 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: