Жиі ашуланасыз ба? Онда оқыңыз!

Жиі ашуланасыз ба? Онда оқыңыз!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір жігіт өте ашуланшақ, тым беймаз екен. Өзінің бұл әдетінен арылу үшін көмек сұрап бір данышпанға келеді. Сонда ол жігітке іші шеге толы дорбаны беріп әр ашуланған сайын бір шегені алып бақшасындағы ең алыс орналасқан бір ағашқа қағуға кеңес береді.

Жігіт үйіне қайтып келеді. Бір кезде бірнәрсеге ашуланады да шеге есіне түсіп бақшасына шығып ең шетте орналасқан ағашқа қағып келеді. Арада біраз уақыт өткенде ашуланып, бақшаға барып шеге қағып жүргеннен гөрі ашуланбай отырғаны әлдеқайда оңай екенін түсінеді.

Данышпанға қайта келіп бұл ойын айтады. Қария жігітпен бірге бақшасына келеді де әлгі ағашқа қағылған шегелерді «біртіндеп алып таста» дейді. Барлық шегелерді суырып тастаған жігітке данышпан: – Көрдің бе, мына іздерді? Дәл осы сияқты, егер сен ашу үстінде біреуге қатты сөз айтып, ренжітер болсаң, ол адамның жанына жазылмайтындай жара саласың. Сондықтан әрқашан сабырлы болуға тырыс. Ал егер біреуді ренжітіп алсаң, алдымен Алладан, содан соң сол адамнан кешірім сұрауға асық» – дейді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: