Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің сауат ашу курсының әйелдер жамағаты емтихан тапсырды.
ҚМДБ жоспарына сай сатылай оқыту бағдарламасы негізінде сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірттер 2 топқа бөлініп, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі Алдасаева Гүлжан ұстаздың қатысуымен діни білім деңгейлері анықталды.
«Өте жақсы» және «жақсы», «орташа» нәтижелерін көрсеткен шәкірттерге Алдасаева Гүлжан ұстаз алғысын білдіріп: «Дін ілімін үйрену - 80 қызыл түйең болғағаннан хайырлы» - деген хадис аясында уағыз насихат айтты.
Елбасы жолдауындағы ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып келешек ұрпаққа білім мен ислам шариғатын жеткізу әрқайсымыздың міндетіміз екенін айтып өтті. Ислам ілімін алу,бойымызға сіңіру – тұлға ретінде қалыптасудың негізі екенін айтып, шәкірттерге алғысын білдіріп, осы сауапты да хайырлы жолда сәттілік тіледі.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі